г.Форт-Шевченко, МАРШАЛ АБДИХАЛЫКОВ, 10/1
87293822496
ХАБАРЛАНДЫРУ
ХАБАРЛАНДЫРУ

Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің «Құлыншақ» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 2024-2025 оқу жылында ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығын негізге ала отырып, бос орындарға оқытудың озық технологияларын жетік меңгерген, білікті мамандарға төмендегі бірлік бойынша конкурс жариялайды: 1. Логопед — дефектолог — уақытша орынға 2. Әдіскер — уақытша орынға 3. Музыка жетекшісі — тұрақты орынға 4. Хореограф — тұрақты орынға 5. Бейнелеу маманы — тұрақты орынға Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Түйіндеме kulinzak@mail.ru электронды почтасына қабылданады. Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер төмендегідей құжаттар тізбесін жолдайды. 1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш. 2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін). 3) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері. 4) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса). 5) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген). 6) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама. 7)Наркологиялық ұйымнан анықтама. 8) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты 9) Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы. 10) Тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15минут ажыратымдылығы 720×480 Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

 

Послание Президента
Государственные символы